"Заңсыз әрекет": Иранда би билеген түлектерді университет сотқа бермек

Адам құқықтары жөніндегі заңгерлер университет Иран билігінің қысымымен қауіп төндіруі мүмкін деп мәлімдеді.

"Заңсыз әрекет": Иранда би билеген түлектерді университет сотқа бермек
сурет: iranwire.com

Иранда бір топ студент оқу бітіргеніне орай билеп, видеосын әлеуметтік желіге салған. Олардың бұл әрекеті заңсыз деп танылып, жауапқа тартылуы мүмкін, деп жазды Guardian.

Видеодан Иранның оңтүстік-батысындағы Бушер қаласындағы Әл-Захра Университетінің 11-ге жуық студенті билеп жүргенін көруге болады.

Университет президенті Захра Хаджиани иран Студенттерінің ақпарат агенттігіне (ISNA) видео "университеттің келісімінсіз және рұқсатынсыз" түсірілгенін және "заңсыз әрекет" екенін айтты.

Оның айтуынша, университет студенттерді сотқа береді.

"Бұл істі университеттің қауіпсіздік қызметі тергеп жатыр. Бұл видеоны түсірген студент анықталды және әкесімен бірге бұл әрекетіне жауап беруі керек", - деді ол.

Адам құқықтары жөніндегі заңгерлер университет Иран билігінің қысымымен қауіп төндіруі мүмкін деп мәлімдеді.

"Оларға билеуге немесе мотоциклмен жүруге тыйым салатын нақты заң жоқ", - деді Ирандағы адам құқығы жөніндегі адвокат Хоссейн Раиси.