Хиггс бозонының болуы мүмкін екенін болжаған, физика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Питер Хиггс 94 жасында өмірден өтті. Бұл туралы Euronews.com жазды.
Эдинбург университетінің мәлімдемесінде ғалым жақында ғана сырқаттанғанын, 8 сәуірде үйінде қайтыс болғаны айтылған.
2013 жылы Хиггс Франсуа Энглермен бірге Хиггс бозонының болуы мүмкін екенін болжаған теориясы үшін физика саласы бойынша Нобель сыйлығына ие болған еді.