Шу тұрғынынан құны 5 млн теңгеге бағаланған гашиш тәркіленді

25 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

Шу тұрғынынан құны 5 млн теңгеге бағаланған гашиш тәркіленді
polisia.kz
526

Жамбыл облысында есірткі трафигі арнасының жолы кесілді, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шаралары Шу ауданы Төле би ауылында ПД ЕҚҚІБ және ҰҚКД қызметкерлерімен жүргізілді. Нәтижесінде есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен 25 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Күдіктіден ішінде гашиш есірткі құралы бар полиэтилен қапшығы тәркіленді. Ер адам тыйым салынған заттарды Алматы қаласында сату үшін сақтаған.

«Алынған заттың жалпы салмағы 14 келі 20 грамм – бұл шамамен 5600 дозаны құрайды. Олардың қара нарықтағы жалпы құны 5 млн теңгеден асады. Ұсталған адам кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп атап өтті ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

 

Серіктес жаңалықтары