Маңғыстауда Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Маңғыстау облысы ТЖД бастығы болып полковник Мұханов Мұрат Сейтмолдаұлы тағайындалды

Маңғыстауда Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Маңғыстау облыстық ТЖД

Жаңа лауазым иесі Мұрат Мұханов 1985 жылы Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында дүниеге келген.

Ол 2006 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын, 2020 жылы Ресей Федерациясындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың салдарын жою істері министрлігі Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Санкт-Петербург университетін бітірген.

Алғашқы еңбек жолын Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы нормативтік-техникалық бөлімінің инженері қызметінен бастаған. 2006-2010 жылдар аралығында мемлекеттік өрт бақылау бағыты бойынша әртүрлі лауазымда қызмет атқарды. Әр жылдары мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бастығы, мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, бастығы, лауазымдарында қызмет атқарды.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған.