Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

Синоптиктердің мәліметінше, тек Алматы және Атырау қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды
pixabay

10 сәуірде еліміздің басым бөлігінде метеорологиялық жағдай қолайлы болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктердің мәліметінше, тек Алматы және Атырау қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.