ШҚО халқы 15 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады

Зардап шеккен өңірлеріне көмек көрсету мақсатында ШҚО Достық үйі мен облыстық волонтерлер фронт-офисінің штабы құрылған.

ШҚО халқы 15 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады
ШҚО Достық үйі

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 15 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады.

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлеріне көмек көрсету мақсатында ШҚО Достық үйі мен облыстық волонтерлер фронт-офисінің штабы құрылған.

«Тасқынның зардабын тартқан аймақтар үшін қол ұшын созуға қоғамдық ұйымдар, этно-мәдени бірлестіктер, кәсіпкерлер, жоғары оқу орындары және елдегі жағдайға бей-жай қарамайтын тұрғындар белсене қатысты. Соның арқасында, қазіргі уақытта 15 тоннадан астам азық-түлік пен тұрмыстық тауарлар жиналды», - деді штаб басшысы Равиль Юнусов.

Көмек берушілердің қарасы күн санап көбеюде. Атап айтқанда, бүгін Күршім ауданынан көмек келіп, облыстық мешіттің қауымы да үлкен үлес қосты. «Normal Nomad» ЖШС 5 тонна ұн бөліп, зардап шегушілерге жәрдем берді.