Jusan Bank мемлекетке 100 миллиард теңге қайтарды

«First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank) «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-нан мерзімінен бұрын 100 млрд теңгенің субординацияланған облигацияларының шығарылымын сатып алды, - деп жазылған мәлімдемеде.

Jusan Bank мемлекетке 100 миллиард теңге қайтарды
сурет: Shutterstock

Jusan Bank 100 миллиард теңгені мемлекет қолдауын мерзімінен бұрын қайтарды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады

«First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank) «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-нан мерзімінен бұрын 100 млрд теңгенің субординацияланған облигацияларының шығарылымын сатып алды, - деп жазылған мәлімдемеде.

Осылайша, банк бұрын алған мемлекет көмегін ерікті түрде мерзімінен бұрын қайтарғанын жария етті.

«2023 жылдың ортасында «Jusan Bank» Қазақстан юрисдикциясына қайтарылғаннан бері банк бизнес-процестерді жақсарту, шығындарды оңтайландыру, бизнестің тиімділігі мен кірістілігін арттыру бойынша үлкен жұмыс атқарды. Осы жұмыстардың тұтас кешені қаржылық тұрақты және әлеуметтік жауапты қазақстандық мекеме, мемлекеттің сенімді серіктесі ретінде банкке мемлекет көмегінің бір бөлігін мерзімінен бұрын қайтаруға мүмкіндік берді», - деді Jusan Bank Директорлар кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есенов.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Halyk Bank мемлекеттің қаржылай қолдауын мерзімінен бұрын қайтарып бергенін мәлімдеген болатын.