"Әлемді мейірім құтқарады": Су басқан өңірлерден фотобаян
Су басқан аймақтарда еріктілер, жергілікті халық, ТЖМ өкілдері, құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.
Су тасқынына байланысты еліміздегі ахуал әлі де күрделі. Қазақстандықтар су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында қайырымдылық қорларына қаражат аударып жатыр. Одан бөлек, әр аймақта бірнеше гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ашылып, халық қолдан келгенше көмек көрсетуде. Су басқан аймақтарда еріктілер, жергілікті халық, ТЖМ өкілдері, құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Жалпы қазіргі ахуалдан хабардар ететін суреттерді назарға ұсынды жөн көрдік.
Халық судың бетін қайтаруға өз бетінше күш салып жатыр.
Құтқарушылар тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп жатыр.
Жергілікті жердегі еріктілер де арнайы пункт ашып, азық-түлік және басқа да қажеттілікпен халықты қамтамасыз етуге байланысты жұмыс істеп жатыр.
Су басқан ауылдардағы халықты қауіпсіз жерге көшіру үшін көптеген техника, соның ішінде тікұшақ та жұмылдырылды.
Суда қалған төрт түлік пен үй жануарлары да қолдан келгенше құтқарылып жатыр.
Еріктілер ерлеп, жанын салып жұмыс істеуде.
Су алып кеткен үйлерде құтқарушылар мен полиция қызметкерлері арнайы құрылғының көмегімен құрғату жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Халық қауіпсіз жерлерге көшірілді.
Суреттер "AMANAT", ТЖМ, IIM баспасөз қызметінен