Ресейлік рэпер Қостанайға гуманитарлық көмек жібереді

Ол гуманитарлық көмекті зардап шеккендерге көмектесетін қор арқылы жібергенін айтты.

Ресейлік рэпер Қостанайға гуманитарлық көмек жібереді
Instagram/morgen_shtern

Ресейлік рэп орындаушы Алишер Моргенштерн су тасқынынан зардап шеккен Қостанай халқына гуманитарлық көмек тиелген жүк көлігін жіберетінін айтты.

Ол гуманитарлық көмекті зардап шеккендерге көмектесетін қор арқылы жібергенін айтты. 

«Қостанай, Қазақстан сіздерге де гуманитарлық көмек тиелген жүк көлігі дайындалуда. Қазір біз Орск қаласына көмек жинап жатырмыз. Зардап шеккендердің барлығына шығындарын өтеуге дайынбыз. Ол үшін біздің Telegram парақшадағы арнайы ботқа жазуларыңызды сұраймыз!», – деп жазды Моргенштерн Telegram-арнасында.