Қайнаған су ішіңіз: Денсаулық сақтау министрлігі су тасқынына байланысты үндеу жасады

ДСМ су басқан өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ерекше бақылауда ұстап отыр.

Қайнаған су ішіңіз: Денсаулық сақтау министрлігі су тасқынына байланысты үндеу жасады
Денсаулық сақтау министрлігі
1774

Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқыны жағдайына байланысты бірқатар ұсыныс жасады.

Министрлік ұсыныстары мынадай: 

  • Ішу және тамақ пісіру үшін тек бөтелкедегі немесе қайнаған суды пайдаланыңыз;
  • Су басу орындарында бұлақтардан, құдықтардан және ұңғымалардан су ішпеңіз;
  • ⁠Су тасқынына малынған тамақ өнімдерін пайдаланбаңыз, мүмкіндігінше оларды кеміргіштер мен су тасқыны жетпейтін жерлерде сақтаңыз;
  • Тамақ ішер алдында, дәретханадан, серуендегеннен, тамақ дайындағаннан кейін қолыңызды сабынмен жуыңыз;
  • ⁠Су тасқынынан кейін барлық бөлмені дезинфекциялық ерітінділермен өңдеңіз;
  • Егер жұқпалы аурулардың белгілері болса (дене температурасының жоғарылауы, жүрек айну, құсу, нәжістің босауы, тамақ ауруы, бөртпе және т.б.), дереу медицина қызметкеріне хабарлау қажет.

Серіктес жаңалықтары