740
4 облыста жеті жол учаскесін су шайып кетті
Бұл туралы ҚазАвтоЖол хабарлады.
8 сәуір сағат 07:00-дегі жағдай бойынша, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 4 облыста (Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанай) 7 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3 206 метр болатын су тасқыны болды.
7 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 14 автомобиль жолдарында (ұзындығы 679 км) қозғалысқа шектеу қойылды.
Қазіргі таңда республикалық жолдарда 305 бірлік техника мен 357 адам жұмылдырылған.