Су басқан аймақтардан 70 мыңнан астам адам көшірілді – Қ.Бозымбаев

6 өңірде 3698 жекеменшік үй су астында қалды

Су басқан аймақтардан 70 мыңнан астам адам көшірілді – Қ.Бозымбаев
537

Премьер-министрдің орынбасары Қ.Бозымбаев су тасқынына қатысты жағдай туралы баяндады.

Қазақстанда су тасқынына қатысты жағдай күрделі күйінде қалып отыр. 6 өңірде 3698 жекеменшік үй су астында қалды. Автожолдардың 155 учаскесінде су шайылған. Су шайған 88 учаске бақылауға алынды. Оның 4-і – көпір. 58 елді мекенге көлік қатынасы жоқ. Оларға азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев ОКҚ алаңында мәлім етті. 

10 өңірде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Авариялық-құтқару жұмыстарында 17 мыңнан астам адам жұмыс істеп жатыр. 1900-ден астам теxника, 500 бірлікке жуығы - сору теxникасы мен жүзу құралдары бар. Төтенше жағдай аймақтарынан 70 мыңнан астам адам көшірілді. Оның 17 мыңға жуығы – балалар. Ауа райы болжамы бойынша таяу арада күн жылы болады. Қардың  жылдам еруі және су айдындарының толуы жалғасатын болады. Бүгінгі күні қар жатқан жерлер жалпы еліміз бойынша 15%, ал солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде 40%-ға жуық болып жатыр, - деді премьер-министрдің орынбасары.

Серіктес жаңалықтары