Республикалық маңызы бар 17 автожолға шектеу қойылды

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 297 техника мен 385 адам жұмылдырылған

Республикалық маңызы бар 17 автожолға шектеу қойылды
ҚазАвтоЖол

ҚазАвтоЖол республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы ақпарат жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

2024 жылғы 7 сәуірдегі сағат 06:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 5 облыста (Ақмола, Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанай) 10 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3910 метр болатын су тасқыны орын алды.

7 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 17 автомобиль жолдарында (ұзындығы 801 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 297 техника мен 385 адам жұмылдырылған.