Су тасқыны болған аймақтарда волонтерлер штабы құрылды

«Жастар Рухы» ЖҚ филиалдары жанынан жедел әрекет етуші Республикалық волонтерлер штабы құрылды

Су тасқыны болған аймақтарда волонтерлер штабы құрылды

Бүгіннен бастап Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында «Жастар Рухы» ЖҚ филиалдары жанынан жедел әрекет етуші Республикалық волонтерлер штабы құрылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Көмек керек жағдайда немесе қосымша сұрақтар туындаса төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабарласу керек.

«Су тасқыны басталғалы бері «Жастар Рухы» волонтерлері жан-жақты көмек көрсетуде. «Biz Birgemiz» ҚҚ қолдауымен тасқын судан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жинап, азаматтарға үлестіріліп жатыр. Сондай-ақ Жастар қанаты волонтерлері аймақтардағы Жастар ресурстық орталықтарымен де бірлесе жұмыс істеп жатыр.

Қатарымызға қосылғысы келетін азаматтарға есігіміз ашық», - делінген «Жастар Рухы» хабарламасында.