Су тасқыны: Алты облыстағы 12 жолда шектеу қойылды

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 248 техника мен 285 адам жұмылдырылған

Су тасқыны: Алты облыстағы 12 жолда шектеу қойылды
ҚазАвтоЖол
841

"ҚазАвтоЖол" республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы ақпарат таратты, деп хабарлады turkystan.kz.

6 сәуірдегі сағат 08:10-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 5 облыста (Ақмола, Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанай) 7 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 5411 метр болатын су тасқыны орын алған. 6 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 12 автомобиль жолдарында (ұзындығы 797 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Серіктес жаңалықтары