Атырау көпірінен көлікпен өткен елорда тұрғыны жауапқа тартылды

Астанада жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізуші анықталды.

Атырау көпірінен көлікпен өткен елорда тұрғыны жауапқа тартылды
908

Әлеуметтік желіде тараған видео кейіпкері Атырау көпірінен көлікпен өткен, деп хабарлады turkystan.kz елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Toyota көлігінің жүргізушісі анықталып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бірнеше бабы бойынша жауапқа тартылған.

"Жүргізушіге жаяу жүргіншілер жолағында көлік жүргізгені, мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ көлік құралын басқарғаны, жол белгісін елемегені және техникалық ақауы бар көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды", - деп хабарлады полиция.

Сондай-ақ полицейлер мұндай фактілер анықталған жағдайда “102 “ арнасына хабарласу керегін еске салды.

Серіктес жаңалықтары