Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге бір жолғы төлем беріледі

Біржолғы төлемді алу үшін қалалық немесе аудандағы жұмыспен қамту бөлімдеріне хабарласу қажет.

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге бір жолғы төлем беріледі
Gov.kz
895

Ақтөбеде көктемгі су тасқыны кезінде зардап шеккен 4 аудан тұрғындарына 369200 теңге, ал Ақтөбе қаласы мен Әйтеке би ауданы тұрғындарына 300 000 мың теңгеден бір жолғы төлем беріледі, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлназ Сисенованың айтуынша, біржолғы төлемді алу үшін қалалық немесе аудандағы жұмыспен қамту бөлімдеріне хабарласу қажет. Ақтөбе қаласы мен Әйтеке би ауданының тұрғындары үшін төлем сомасы — 300 мың теңге. Төтенше жағдай жарияланған басқа аудандардың тұрғындары үшін – 100 АЕК, яғни, 369 200 теңге беріледі.

- Төтенше жағдайлар департаментінен су тасқынынан зардап шеккенін растайтын анықтама, жедел штаб комиссиясының қорытындысын алып, жұмыспен қамту бөліміне тапсырады. Бөлім қызметкерлері барлық ақпаратты 8 жұмыс күні ішінде тексереді. Егер анықтамадағы ақпарат расталса, 3 жұмыс күні ішінде біржолғы төлем аударылады, - деді Гүлназ Сисенова.

Айта кетейік, қазіргі кезде өңірде 700-ден астам үйге су кірген. Қаржылай қолдау көрсету үшін қор құрылып, есепшот та ашылды. Қазір облыс бойынша Ақтөбе қаласы мен Әйтеке би, Қобда, Ойыл, Мұғалжар, Темір аудандарында төтенше жағдай жарияланған.

Серіктес жаңалықтары