Қазақстанда WhatsApp пен Instagram желілері істен шықты

Ел аумағында аталған әлеуметтік желіні қолданушылар жарты сағатқа жуық уақыт қолайсыздыққа тап болған.

Қазақстанда WhatsApp пен Instagram желілері істен шықты
Фото: socialkit.ru

Танымал әлеуметтік желілер 3 сәуір күні Астана уақытымен сағат 23:02 шамасында басталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Осы уақытта барша қазақстандықтардың әлеуметтік желілері іске қосылмай қалды. Мұны бүкіл әлем бойынша танымал интернет-ресурстардың істен шығуы мен өшірілуін бақылайтын Down detector қызметі тіркеді. Уақытша ақау Facebook қолданушыларында да байқалған. Әзірге мұндай кідіріс не себепті болғаны белгісіз.

Айта кетейік, аталған әлеуметтік желілер сағат 23:37 шамасында қол жетімді бола бастады. Ал кейбір желі қолданушыларында мұндай «қателік» аса ұзаққа созылмаған.