Бүгін 9 қалада ауа сапасы нашарлайды

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың жиынтығы.

Бүгін 9 қалада ауа сапасы нашарлайды
pixabay

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамы бойынша, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтөбе, Орал, Алматы, Астана, түнде Атырау қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.