Бахтиёр Зайнутдинов Ресейге оралуы мүмкін

Бүгін - Түркия елінің футбол клубында өнер көрсететін отандасымыздың туған күні.

Бахтиёр Зайнутдинов Ресейге оралуы мүмкін
Фото: instagram.com/besiktasjkglobal

Ыстамбұлдың «Бешикташ» клубы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиёр Зайнутдиновтың трансфері бойынша ресейлік клубтардан ұсыныс алды, деп хабарлады turkystan.kz Prosports.kz порталына сілтеме жасап.

«Milliyet» пен «Ватан» атты екі басылым Қазақстан футбол құрамасының сұрмергені «Спартакқа» немесе Краснодарға ауысуы мүмкін екенін жарыса жазды.

РПЛ клубтары қазірдің өзінде «Бешикташпен» келіссөздер жүргізуде.

Айта кетейік, бүгін қазақстандық ең қымбат футболшының туған күні. Бахтиёр Зайнутдинов 1998 жылы 2 сәуірде Тараз қаласында өмірге келген.