Баспанасын су басқан отбасыны полицей өз үйіне паналатып отыр

Су тасқынына зардап шеккен Павлодар облысының тұрғыны отбасымен бірге бір аптадан бері Ақтоғай ауданының учаскелік полиция инспекторының үйінде тұрып жатыр.

Баспанасын су басқан отбасыны полицей өз үйіне паналатып отыр
Фото: ІІМ

Су тасқынының алғашқы күндерінен бастап Ақтоғай ауданының учаскелік полиция инспекторы Тұрсынғали Ибраев құтқару жұмыстарына белсенді қатысып, су басқан үйлерден ондаған адам мен жануарларды алып шыққан, деп хабарлады turkystan.kz.

Жалпы Павлодар облысында су тасқынына қарсы жұмыстарға 210 полиция қызметкері мен 79 қызметтік техника жұмылдырылған.Солардың арасында жүрген ауданының учаскелік полиция инспекторы елдің ықыласына бөленіп отыр.

– Бірінші күні мен Жалаулы ауылының тұрғындарына көмектесіп, оларды туыстарына, қауіпсіз жерге апардым. Жұбайы, 4 баласы және немересімен бірге тұратын Серік Ахметовтің үйі зардап шекті. Ойланбастан мен оларды үйіме алып келдім. Олар алты күннен бері менің үйімде тұрып жатыр. Мен барлық ауыл тұрғындарының аман болғанына қуаныштымын. Мен адам шығыны болмағанын қалаймын. Өз жұмысымды өте жақсы көремін және осындай сәттерде оларға көмектесе алатыныма қуаныштымын, – деді Тұрсынғали Ибраев.

Ауыл тұрғындары полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, су тасқынының алғашқы күндерінен бастап учаскелік инспектордың тұрғындарға көмегін аямағынын атап өтті.