Шымкентте аудан әкімінің бұрынғы орынбасары сотталды

Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Шымкентте аудан әкімінің бұрынғы орынбасары сотталды
t.me/antikornews
1122

Шымкент қаласы аудан әкімінің бұрынғы орынбасары сотталды. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамасымен алдын алу мақсатында сот органдарымен өзара келісімге қол жеткізу арқылы жемқорлық бойынша айыпталған мемлекеттік қызметшілердің ұжымдары сот отырыстарына қатысады.

«Осы жылдың 1 сәуірінде Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталғандардың бұрынғы әріптестерінің қатысуымен Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Е.Тіленшинге, осы әкімдіктің бас маманы А. Балқыбековке, сондай-ақ мердігер ұйымның өкілі А.Манатқа қатысты үкім жариялады. Аталған адамдарға тиісінше 11, 10 және 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарламасында.

Агенттік мәліметінше, олар алдын ала сөз байласып, мегаполисті абаттандыру жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде пара алған. Нақтырақ айтқанда, мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарт шеңберінде, сондай-ақ зираттарды күтіп ұстауға бөлінген 28 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қамқоршылық жасағаны үшін кәсіпкерден 60 млн теңге мөлшерінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сондай-ақ, сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары