1278
Абай облысының тұрғыны тракторымен суға аударылып кетті
Абай облысы Аягөз ауданының тұрғынын құтқарушылар аман алып қалған.
Алматы облысының құтқарушылары суда қалған азаматты аман алып қалды, деп хабарлады turkystan.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Абай облысы Аягөз ауданында өзеннен трактормен өтіп жатып, су ортасында қалып қойған азаматты құтқарды.
«Апат айтып келмейді деген рас екен. Ойламаған жерден жолды су шайып, тракторыммен суға құладым. Абырой болғанда, сырттан келген құтқарушылар жанымды аман алып қалды», - деді құтқарылған азамат.
1977 жылы туған құтқарылған адам жағаға жеткізілді, оған медициналық көмек қажет болмады.