Бағдат Мусин Нұра ауданына қарасты ХҚКО-ға барды

Министр постаматтар арқылы көп жағдайда мемлекеттік қызмет бойынша құжаттар қағаз нұсқада талап етілетін 11 құжат берілетінін жеткізді

Бағдат Мусин Нұра ауданына қарасты ХҚКО-ға барды
ғаламтордан
895

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Нұра ауданына қарасты ХҚКО-ға барып, постамат пен микроқұлаққапты анықтау детекторының жұмысымен танысты, деп жазады turkystan.kz nege.kz-ке сілтеме жасап.

Министр постаматтар арқылы көп жағдайда мемлекеттік қызмет бойынша құжаттар қағаз нұсқада талап етілетін 11 құжат (баланың тууын тіркеу, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, құжаттарға апостиль қою) берілетінін жеткізді. Құжат дайын болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға постамат ұяшығын ашатын сілтеме бар құжаттың дайындығы туралы СМС келіп түседі. Құжатты беру жеке басын биометриялық тексерумен іске асады. Құжаттар тәулігіне 24 сағат үздіксіз берілетіні атап өтілді.

Өткен жылдың желтоқсанында мен прокторинг көмегімен жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтихандарды тапсыру процесін автоматтандыратын ЖЖЕ 3.0 жүйесі туралы айтқан едім. Бірақ теориялық емтихандарды тапсыру кезінде тест тапсыратындар арасында микроқұлаққап қолданатын фактілер кездесетін болды. Бүгін ХҚКО-да микроқұлаққаптарды анықтайтын және ЖЖЕ 3.0 жүйесінде тест тапсырушының тест тапсыруын шектейтін детектордың жұмысы көрсетілді. Детекторды пайдалану теориялық емтиханды тапсырудың тазалығын қамтамасыз етуге және жалған емтихан тапсыратын үміткерлердің практикалық емтиханға жіберілмеуіне септігін тигізеді. Мен депутаттарға Әкімшілік кодекске осындай бұзушылықтар үшін жаза мен айыппұл салуды ұсындым, – деп жазды Бағдат Мусин.

Министрдің айтуынша, микроқұлаққаптарды анықтау детекторы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға, емтихан тапсыру ережесін сақтауға және тиісінше жолдағы қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары