Ұлттық қауіпсіздік комитеті астаналықтарға ескерту жасады

Бас қалада терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті астаналықтарға ескерту жасады
appazov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 29-30 наурызда Астанада адамдар көп жиналатын объектілерде терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ҰҚК ресми сайтында жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz.

Іс-шара шеңберінде ҰҚК арнаулы мақсаттағы бөлімшелерінің дағдылары мен тактикалық іс-қимылдарын қалалық жағдайларда пысықтау көзделеді, - делінген баспасөз хабарламасында.