Шымкент әуежайы мамыр айына дейін күндіз жұмыс істемейді

Шектеулер бірінші сәуірден басталады

Шымкент әуежайы мамыр айына дейін күндіз жұмыс істемейді
primerminister.kz

Шымкент әуежайы жөндеу жұмыстарына байланысты бір ай бойы күндіз жұмыс істемейді, деп хабарлады turkystan.kz "SCAT" әуе компаниясына сілтеме жасап.

2024 жылғы 1 сәуір мен 3 мамыр аралығында Шымкент әуежайы 10:30-дан 18:30-ға дейін жұмыс істемейді. Бұл уақытта ұшу-қону жолағында жөндеу жұмыстары өткізіледі, - делінген хабарламада.

Рейстерді орындау кестесіне өзгерістер енгізілуіне байланысты жолаушыларға әуе компаниялардың анықтамалық қызметтерінде, қосымшалары мен қызметтерінде рейстің мәртебесін нақтылау ұсынылады.