Қызылордада 3 жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті

Баланың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Қызылордада 3 жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті
Pexels.com
856

Қызылорда қаласында ересек адамдардың қарауынсыз қалған 3 жастағы ұл бала төртінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлады turkystan.kz inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. 

Оқиға облыс орталығындағы «Арай-3» шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатынан 2021 жылғы ұл бала құлап кеткен.

«Сәби алған жарақатына байланысты ауруханаға жатызылды. Балаларды қараусыз қалдырмауды сұраймыз. Оның соңы қайғылы жағдайға душар етуі ықтимал», - деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Ведомство мәліметінше, бұл – жыл басынан бері қайталанып отырған екінші жағдай. Былтыр дәл осындай 14 оқиға тіркелді. Оның 1-і Жаңақорған ауданында болса, қалғаны облыс орталығында тіркелген.

Серіктес жаңалықтары