Роза Әлқожа өзі ренжіткен жандардан кешірім сұрады

Өнер иесі артық жүк арқалағысы келмейтінін айтты.

Роза Әлқожа өзі ренжіткен жандардан кешірім сұрады
instagram/roza_alqozha
778

Белгілі әнші Роза Әлқожа тобығын жарып алып, денсаулығы сыр бергенін мәлім еткен болатын. Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында өзі ренжіткен жандардан кешірім сұрады.

«Бір айдан астам уақыт ходунокпен, қос балдақпен дос болып, кеше жездеме сыйға тарттым. Бір таяқ қалды. Мұндайда кісі көңілі кіршең келеді. «Әу» демегендерді әлеуметтен сызып тастағың кеп тұрады. Одан қарапайым ел жақсы. Күнде тілек жазып, жағдайыңды біліп отырады. Пенденің әдеті – «Мен мынау едім» деп кеуде керу ғой.

Ал шын мәнінде, біз Тәңірдің алдында тозаң ғанамыз. «Бұл – ақыреттің егіндігі». Аманатқа берілген жанды арқалап жүріп, Алладан берілген заңды ұмытқымыз келеді. Құлшылыққа ғана жіберілген тіршілік иелері Құдай боп кететіні де, сол құл болғандығынан шығар?! Дүниеде кешірім беру – пендеге қиын, Құдайға оңай. Оның ішінде сол сәттегі өзіңді кешіру – қиынның қиыны екен. Қасиетті ораза айында ренжіткен жандар болса, кешірім өтінемін. Мен де өзгені де, өзімді де кешірдім. Артық жүк арқалағым келмейді», – деп жазды әнші.

 

Серіктес жаңалықтары