«Орындықпен ұрған»: Ақтауда командир сарбаздарды соққыға жыққан
Ақтөбе гарнизонының әскери соты тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық істі қысқартты.
Ақтауда «25744» әскери бөлімінің командирі әскерге шақырылған жігіттің басынан орындықпен соқанымен, жәбірленуші оны кешірген, деп хабарлады turkystan.kz Диапазон басылымына сілтеме жасап
Командир әскерге шақырылғандарды таяқпен соққыға жыққан. Оған қатысты билігін асыра пайдаланды деген айыппен қылмыстық іс қозғалды.
2-шабуылдаушы батальон миномет батареясының 1 взвод командирі сарбаздарды бірнеше рет ұрып-соққан. Жаңадан келген бір топ әскериді сапқа тұрғызып, бірінің басынан ағаш сойылмен ұрып, тегін айтуды сұраған. Жас сарбаз командирдің тегін қате айтқаны үшін соққының астында қалыпты. Әскерге шақырылғандардың бірнешеуі осылай зәбір көрген. Тергеу ол мұны өзінің өктемдігін көрсету үшін жасады деген қорытындыға келді.
Тағы бірде ол жасаққа кешігіп келген сарбаздың бетінен жұдырықпен ұрыпты. Кейін оның басынан орындықпен бірнеше рет ұрған, себебі қатардағы жауынгер жаттығу кезінде балағат сөздер айтқан. Осындай соққылардан кейін жігіт басын жауып, қорғанған, бірақ командир мұнымен тоқтамай, оны тепкілеп, жұдырықтауын жалғастырыпты. Сондай-ақ тағы бір жауынгерді жұдырықтап, тісін сындырған.
Жәбірленуші деп танылған бес әскери қызметкер командирді кешіргендерін мәлімдеп, татуласу бойынша істі тоқтатуды сұрап, арыз жазған екен. Айыпталушының өзі де сотта өз кінәсін мойындайтынын және жәбірленушілермен татуласуға келісетінін айтты.
Нәтижесінде Ақтөбе гарнизонының әскери соты тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық істі қысқартты. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ