Футболдан Қазақстан құрамасы сапынан бір футболшы кетті

Люксембург – Қазақстан матчы "Стад де Люксембург" стадионында өтеді

Футболдан Қазақстан құрамасы сапынан бір футболшы кетті
ҚФФ

Футболдан Ұлттық құрама сапынан форвард Иван Свиридов кетті, деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Еуро-2024 матчында Грекиядан 0:5 есебімен таза ұтылған отандастарымыз Афинада үш күн жаттықты. Олар жексенбі күні Люксембургке жол тартады. 27 наурызға қараған түні Астана уақыты бойынша сағат 00:45 біздікілер жергілікті құрамамен жолдастық кездесу өткізеді. Магомед Алиев тағайындаған 26 ойыншының 25-і ғана сапарға аттанды. Ал команда шабуылшысы Иван Свиридов Қазақстан U-21 құрамасына қосылды.

Люксембург – Қазақстан матчы "Стад де Люксембург" стадионында өтеді.