Жәнібек Әлімханұлы Дэвид Бенеавидесті жекпе-жекке шақырды

Әлімханұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Дэвид Бенеавидеске үндеу тастады

Жәнібек Әлімханұлы Дэвид Бенеавидесті жекпе-жекке шақырды
Mikey Williams/Top Rank Inc via Getty Images

IBF және WBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) шулы мәлімдеме жасады, деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Әлімханұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында өткен жылдың соңында америкалық Деметриус Андрадені (32-1, 19 КО) жеңген WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы уақытша чемпион Дэвид Бенеавидеске (28-0, 24 КО) үндеу тастады.

Бенавидес, егер сен мықтылармен жұдырықтасқың келсе, төбелесейік! Біздің жекпе-жек жоғары деңгейде өтеді! Мұны сен де, жанкүйерлер де біледі! Егер сіз салмақ түсіре алмасаңыз, мен 168 фунтта жұдырықтасуға дайынмын. Жеңіл жұмыс! - деді Qazaq Style.

Сонымен қатар көптеген бокс жанкүйері Бенавидестің мексикалық Сауль Канело Альвареспен жекпе-жегін көруді армандайды. Бірақ мексикалық боксшы бұл жекпе-жектен барлық жағынан аулақ жүреді. Осыған байланысты Жәнібектің мәлімдемесінің астындағы астарлы ойды қолдап, «Канелоны» масқаралағандар көп болды.