Ақтөбеде 4 жасар бала суға батып кетті

Оқиға бүгін сағат 13:00 шамасында тіркелді

Ақтөбеде 4 жасар бала суға батып кетті
city-yaroslavl.ru

Қайғылы жағдай Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ебейті ауылында тіркелді, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға бүгін сағат 13:00 шамасында тіркелді.

Ебейті ауылының жанында Ебейті сайы бар. Оған қар суы жиналып жатыр. Бүгін 2020 жылы туған 4 жасар бала суға батып, қайтыс болды. Балалар сол маңда ойнаған, - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Оның жанында болған тағы бір бала дін аман. Байғанин ауданының әкімі Айбек Көпеновтің айтуынша, сай ауылдан 150 метр жерде орналасқан, тереңдігі шамамен 10-15 см болады. Ол жерде ауылдағы ағайындалардың балалары барып ойнаған. Ебейті ауылы су басу қаупі бар ауылға жатпайды.