Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 600 млн долларға жақындады

Көрсетіліп отырған кезеңдерде Өзбекстан Қазақстанға 166,2 млн доллардың тауарын экспорттап, 415,3 млн доллардың тауарын импорттаған

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 600 млн долларға жақындады
aikyn.kz
972

Биылғы екі айдың қорытындысы бойынша да Қазақстан Өзбекстанның негізгі сауда серіктестерінің үштігінде қалды, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Өзбекстан Статистика агенттігінің мәліметінше, қаңтар-ақпан айларында елдегі сыртқы сауда айналымы 9,9 млрд долларға теңеліп, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 10,5%-ға өсті.

Бүгінгі таңда Өзбекстан әлемнің 151 елімен сауда-саттық жасайды. Екі айдың қорытындысы бойынша, елдің басты сауда серіктері көшін Қытай бастап тұр. Екі мемелекет арасындағы тауар айналымы 2,1 млрд долларға (жалпы көлемнің 21,5%) жетті.

Одан кейінгі орында сауда-саттықтың 17,8% үлесі тиесілі Ресей тұр. Бұл елмен арадағы импорт-экспорт көлемі 1,76 млрд доллар болды.

Көшбасшылардың үштігін Қазақстан түіндеді. Біздің ел мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 581 млн долларға (жалпы көлеменің 5,9%) жетті.

Көрсетіліп отырған кезеңдерде Өзбекстан Қазақстанға 166,2 млн доллардың тауарын экспорттап, 415,3 млн доллардың тауарын импорттаған.

Серіктес жаңалықтары