Мәскеудегі терактіде қаза тапқандар саны 115-ке жетті

Қаза тапқандардан бөлек кем дегенде 121 адам зардап шеккен

Мәскеудегі терактіде қаза тапқандар саны 115-ке жетті
Владимир Гердо / ТАСС

Ресейдің Мәскеу қаласындағы «Крокус Сити Холлда» болған терактіде қаза тапқандар саны 115 адамға жетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Тергеу комитетінің мәліметінше, іздеу жұмысы жалғасып жатыр.

Қаза тапқандардан бөлек кем дегенде 121 адам зардап шеккені белгілі болды.