Алматы көшелерімен «Көш. Наурыз Думан» мерекелік керуені жүріп өтті

Мерекелік көшке батыр, бүркітші, ақын және басқа да образдағы 1000-нан астам адам қатысты.

Алматы көшелерімен «Көш. Наурыз Думан» мерекелік керуені жүріп өтті
Akorda.kz
1100

Бүгін Алматыда Наурызнама аясында Алматы көшелерімен «Көш. Наурыз Думан» мерекелік керуені жүріп өтті.

Мерекелік көшке батыр, бүркітші, ақын және басқа да образдағы 1000-нан астам адам қатысты.

Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтары арбадағы киіз үйді, қыз күймесін, қоржынға жібек мата мен кілем артқан түйелерді, салт атты батырларды, құмай тазылар мен мергендерді, жалпы жеті қазына нышандарын көрді.

«Көш. Наурыз Думан» мерекелік керуені сағат 10:00-де басталып, Абай даңғылы бойымен, батыс бағытта Достық даңғылынан Абылай хан даңғылына дейін, одан соң Абылай хан даңғылымен солтүстік бағытта Астана алаңына дейін жүріп өтті.

Серіктес жаңалықтары