1145
Әлемдегі ең бақытты ел анықталды
азір ел компанияларының 92 пайызы қызметкерлеріне жұмыс және демалыс уақытын өзі бейімдеп, өз еркінше таңдауына мүмкіндік береді.
Финляндия қатарынан 7-рет әлемдегі ең бақытты ел атанды. Мұның себебі жұмыс пен жеке өмірді тепе-тең алып жүруге байланысты болуы мүмкін, деп жазады fortune.com.
Финляндия 7 жыл қатарынан БҰҰ-ның Дүниежүзілік бақыт туралы есебінде бірінші орын алғаны үшін әлемдегі ең бақытты ұлт ретінде танымал болды.
Бұл елде 1996 жылы икемді жұмыс кестесі туралы заң қабылданған. Қазір ел компанияларының 92 пайызы қызметкерлеріне жұмыс және демалыс уақытын өзі бейімдеп, өз еркінше таңдауына мүмкіндік береді.