2700
Жанболат Найзабеков той жүргізгені үшін қанша гонорар алатынын айтты
Өнер иесі той жүргізіп, бір сиыр алған кезін еске алды.
Әртіс Жанболат Найзабеков Qyzyq Orda бағдарламасында той басқару үшін қанша гонорар сұрайтынын айтты.
«Тойға шығамыз. Бірақ ішімдіксіз тойға барамыз. Әртүрлі гонорар сұраймын. Нақты баға жоқ. Халықтың жағдайы, қалтасына қараймыз. Ауылдан бір кісі хабарласады. «Балам сенің той жүргізгеніңді қатты қалап отыр. Бір сиыр беремін» деді. Ол кезде тренд 2-3 сиыр еді. Апам тойдың Қордайда екенін айтты. Алдын ала ақша алмадым. Ол кісі қайта хабарласпады. Апа айтқан күні қой барайын дедім. Неге хабарласпадыңыз десем, «Айттым ғой. Қайта-қайта хабарласа берем бе?» дейді. Той біткеннен кейін есептесейік десем, мейрамхананың сыртына бір сиырды байлап қойыпты. Шүкір, сол сиырды бір жыл жеп жаттық», – деді Жанболат Найзабеков.