Ұлттық киім күні: Шашқап деген не, оны не үшін киген?

Қазақ салтында бойжеткен қыздар мен жас келіншектер жүн сабап, киіз басып, ши тартып, жүк артып, үй тігіп, мал сауғанда басына шашқап киетін болған.

Ұлттық киім күні: Шашқап деген не, оны не үшін киген?
Сурет: Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің Youtube арнасынан скриншот
1275

Шашқап – бұрымның жуандығына қарай пішіліп, ортасына өрнек жүргізіліп кестеленген, алтын, күміс сияқты қымбат металдармен зерленген сәнді бұйым.

Қазақ салтында бойжеткен қыздар мен жас келіншектер жүн сабап, киіз басып, ши тартып, жүк артып, үй тігіп, мал сауғанда басына шашқап киетін болған.

Ол шашты,бұрымды шаң-тозаңнан, күн көзінен қорғайды, соныме қатар, сәндік бұйым ретінде қолданылады. Оны мақпал,шұға,барқыт,мауыты тәрізді көк,қызыл түсті маталардан бұрымның ұзындығы мен жуандығына орай пішіп,тігеді. Шашқаптың жоғарғы, төмен жағынан ою-өрнекпен безендіреді, зер, оқа моншақтарымен сәндейді,кейде оған маржан, меруерт, күміс те тағады.

Серіктес жаңалықтары