Әлемнің ең керемет көшесі анықталды

Ресурс жеңімпазды анықтамас бұрын бүкіл әлем бойынша командасына хабарласып, тізімді жасап, бірнеше мәрте саралаған.

Әлемнің ең керемет көшесі анықталды
Мельбурнның Бас көшесі. Сурет: news.com.au / Эндрю Хеншоу

Жыл сайын Time Out ресурсы көрікті жерлерге, асханаларға және басқа да көрсеткіштерге байланысты әлемдегі ең керемет көшелердің тізімін жасайды. Биылғы ең керемет көше деп Аустралиядағы Мельбурн қаласының Бас көшесі танылды.

Мельбурн көшесі Токио, Ванкувер, Берлин және Манхэттеннен озып, әлемдегі ең керемет көше атағына ие болды. 

Ресурс жеңімпазды анықтамас бұрын бүкіл әлем бойынша командасына хабарласып, тізімді жасап, бірнеше мәрте саралаған.

Табысқа жетудің басты шарттары - мәдениеттің, асхананың және қайнаған өмірдің үйлесімі.