Қазгидромет бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады

18 наурызда еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Қазгидромет бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады
egemen.kz
1764

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, бірнеше облыста қатты жел тұрып, қалың тұман болады.

Қарағанды облысыныңсолтүстігінде, шығысында, орталығында, сондай-ақ Қарағанды қаласында да тұман болады деп күтіледі.

Түркістан облысыныңтаулы аудандарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады.

Маңғыстау облысыныңсолтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Батыс Қазақстан облысыныңбатысында, оңтүстігінде, күндіз өңірдің батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман тұсуі ықтимал. Орал қаласындатүнде және таңертең тұман болады деп болжанады.

Қызылорда облысыныңсолтүстігінде, орталығында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында, орталығында көктайғақ болуы ықтимал. Түнде өңір орталығында, күндіз облыстың оңтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Атырау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Атыраудажауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал.

Жетісу облысының Алакөл ауданында соққан желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Серіктес жаңалықтары