Атырауда алты айлық сәби SIM-картаны жұтып, дем ала алмай қалған

Атырау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы дәрігерлерінің жедел әрекеті арқасында сәби аман қалды

Атырауда алты айлық сәби SIM-картаны жұтып, дем ала алмай қалған
iphones.ru
783

Атырауда алты айлық қыз ұялы телефонның сим-картасын жұтып қойған, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Анасы баласының кенеттен жөтеле бастағанын байқаған. Ол дереу жедел жәрдемге хабарласып, қызының бірдеңені жұтып қойып, тұншығып жатқанын айтады. Диспетчер қоңырауды дереу кеңесші дәрігер пультіне ауыстырады.

Дәрігер-кеңесші Гүлназ Қырықбаева баланың туыстарына алгоритм бойынша, кезең кезеңімен айтқан әрекеттерді жасауға кеңес берді. Телефон арқылы алғашқы медициналық көмек көрсеткен дәрігер-консультанттың арқасында баланың өмірі аман қалды. Дәрігердің телефон арқылы берген нақты нұсқауы бойынша туыстары бөгде затты өз бетінше алып шықты, - деді облыстық жедел жәрдем станциясы директорының орынбасары Наргиз Баймолдаева.

Артынша көмек көрсету үшін шақырту орнына "103" бригадасы жіберілген.

Серіктес жаңалықтары