"Кальмар ойыны" сериалының 78 жастағы актері сотталды

О Ен Су туралы іс 2022 жылғы қарашада басталған.

"Кальмар ойыны" сериалының 78 жастағы актері сотталды
Сурет: Netflix
888

Оңтүстік Корея соты 79 жастағы актерді жыныстық зорлық-зомбылық жасады деген айыппен шартты түрде бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Yonhap агенттігі хабарлады.

О Ен Су сегіз айға бас бостандығынан айырылды, сонымен қатар өзі секілді қылмыскерлерге арналған 40 сағаттық бағдарламадан өтуге міндеттелді. Дегенмен ол кінәсін жоққа шығарып, сот шешіміне шағымдануды жоспарлап отыр.

О Ен Су туралы іс 2022 жылғы қарашада басталған. Оны айыптауға себеп болған оқиға 2017 жылы болған. Тергеушілердің айтуынша, актер әйелдің "денесіне қол тигізген", оның еркінен тыс бетінен сүйген. 2021 жылғы желтоқсанда аты-жөнін жасырған қыз полицияға шағым түсірген.

"Кальмар ойыны" сериясы Netflix-ке 2021 жылғы 17 қыркүйекте шықты және жылдың басты ериалдарының бірі болды. Бір айға жуық уақыт ішінде жоба 1,65 миллиард сағаттан астам қаралған. 2022 жылы О Али Су екінші пландағы үздік рөлі үшін "Алтын глобус" сыйлығын жеңіп алды. Екінші маусымның премьерасы 2024 жылға жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары