Ерке Есмаханға тыңдарманы ерекше сыйлық жасады

Видеодан кішкентай қыздың әншіге сөмкесін сыйлап жатқанын көруге болады.

Ерке Есмаханға тыңдарманы ерекше сыйлық жасады
Instagram/erke_esmahan

Әнші Ерке Есмахан Ақтөбе қаласындағы концерттен үзіндіні өзінің Instagram парақшасында жариялаған, деп хабарлады turkystan.kz.

Видеодан кішкентай қыздың әншіге сөмкесін сыйлап жатқанын көруге болады.

«Өзің ұстап жүрген сөмкең емес па? Эмоциямен беріп жіберген жоқсың ба? Өзіңе керек емес па? 12 миллион теңгенің сөмкесі жолда қалды. Рақмет, көп-көп. Анасы «енді қыз туыңыз» деп жатыр. Жұғысты болсын! Тілектер қабыл болсын», - деді Ерке Есмахан.