Қазақстандықтар үшін Таиландта визасыз жүру 30 күнге ұзартылды
Үкімет қаулысының жобасы жарияланды.
Сыртқы істер министрлігі Ашық НҚА порталында "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Таиланд корольдігінің Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қою туралы" Үкімет қаулысының жобасын жариялады.
Қазақстан азаматтары яғни, қолданылу мерзімі кемінде алты ай болуы тиіс жарамды жол жүру құжаты бар азаматтар аумаққа кіруге, шығуға, транзитке, уақытша тұруға визалық талаптардан босатылады. Алайда олар Таиландта күнтізбелік 180 күннің 90 күнінен артық болмауы тиіс, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, құжатта егер Қазақстан азаматы екінші тарап мемлекетінің аумағында күнтізбелік отыз күннен артық болғысы келсе, онда ол тиісті виза алуы тиіс екені нақтыланды. Құжатты қоғамдық талқылау 2024 жылдың 29 наурызына дейін жалғасады.