Грекиялықтар Қазақстан командасына қарсы ойнайтын құрама тізімін жариялады

Қазақстан мен Грекия арасындағы ойын наурыздың 21-нен 22-не қараған түні Афинада өтеді.

Грекиялықтар Қазақстан командасына қарсы ойнайтын құрама тізімін жариялады
©instagram.com/ethnikiomada

Ұлттар Лигасы плей-офф кезеңінің жартылай финалында Қазақстан командасына қарсы ойнайтын Грекия ұлттық құрамасының тізімі белгілі болды.

Қақпашылар: Одиссеас Влаходимос («Ноттингем Форест», Англия), Александрос Пасхалакис («Олимпиакос»), Йоргос Атанасиадис (АЕК), Сократис Диудис («Заглембе», Польша);

Қорғаушылар: Костас Цимикас («Ливерпуль», Англия), Константинос Мавропанос («Вест Хэм», Англия), Пантелис Хацидиакос («Кальяри», Италия), Константинос Кулиеракис (ПАОК), Манолис Салиакас («Санкт-Паули», Германия), Йоргос Цавелас («Атромитос»), Лазарос Рота (АЕК), Панайотис Рецос («Олимпиакос»), Джордж Болдок («Шеффилд Юнайтед», Англия);

Жартылай қорғаушылар: Анастасиос Бакасетас, Зека (екеуі де — «Панатинаикос»), Петрос Манталос (АЕК), Димитрис Курбелис («Фатих Карагюмрюк», Түркия), Манолис Сиопис («Кардифф Сити», Англия), Андреас Бухалакис («Герта», Германия), Анастасиос Хадзийованис («Анкарагюджю», Түркия);

Шабуылшылар: Йоргос Масурас («Олимпиакос»), Фотис Иоаннидис («Панатинаикос»), Димитрис Пелкас («Истанбул Башакшехир», Түркия), Яннис Константелиас (ПАОК), Йоргос Якумакис («Атланта Юнайтед», АҚШ), Вангелис Павлидис (АЗ, Нидерланд), Христос Цолис («Фортуна», Германия).

Еске сала кетейік, Қазақстан мен Грекия арасындағы ойын наурыздың 21-нен 22-не қараған түні Афинада өтеді. Бұо ойында жеңіске жеткен команда финалда Грузия мен Люксембург құрамаларының арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі. Ал финалда жеңген құрама Еуропа чемпионатына жолдама алады.