Қарағанды облысындағы шахтада кенші қаза тапты

«Саран» шахтасында 1980 жылы туған тау-кен жұмысшысы жарақат алып, соның салдарынан қаза тапқан.

Қарағанды облысындағы шахтада кенші қаза тапты
astanatv.kz

Қарағанды облысындағы «Саран» шахтасында 43 жастағы кенші көз жұмды. Ол құрылғыны монтаждау кезінде ауыр жарақат алып, салдарынан қайтыс болған.

«Qarmet» баспасөз қызметі хабарлағандай, осы жылдың 12 наурызы күні түнде компанияның Көмір департаментіне қарасты «Саран» шахтасында монтаждау жұмысының арнайы жабдықты жөндеу кезінде 1980 жылы туған тау-кен жұмысшысы жарақат алып, соның салдарынан қаза тапқанын хабарлады.

«Жұмыс ZY7200-13/30 секциясын құрастыру және монтаждау жөніндегі жобасына сәйкес болды, ол кезде қауіпсіздік техникасы бойынша міндетті нұсқау берілген. Болған жазатайым оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия жұмыс жүргізеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, жабдықты бекіту болты үзіліп кеткен», - деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметі.

«Qarmet» АҚ өкілдері марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады.