Алматыдағы сауда үйінде өрт шықты

Оқиға орнынан келушілер эвакуацияланған.

Алматыдағы сауда үйінде өрт шықты
Massaget.kz

Алматыдағы "Жібек жолы" сауда үйінде өрт шықты, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше,сағат 11:50-де өрт шыққан жерге жоғары дәрежедегі жедел әрекет ету күштері жіберілді. 

"Жібек жолы" сауда орталығының төртінші қабатындағы әкімшілік бөлмеде 20 шаршы метр аумақта жиһаз өртеніп жатқаны белгілі болды.

Оқиға орнынан келушілер эвакуацияланған.

Өрт сағат 12:13-те ауыздықталды. Өрт 12:21-де сөндірілді. Өрт сөндірушілер кәсіпкерлердің бутиктерін өрттен аман алып қалды.