Лицензиялық турнир: Асланбек Шымбергенов екінші жеңісіне қол жеткізді

Олимпиадаға жолдама алу үшін ол әлі екі кездесуін жеңуі керек.

Лицензиялық турнир: Асланбек Шымбергенов екінші жеңісіне қол жеткізді
Асланбек Шымбергенов. Фото: Бокс федерациясы

Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов екінші рет жеңіске жетті.

Ол аталған әлемдік турнирдің 1/16 финалында (71 кг) польшалық Дамиан Дуркачті жеңді.

Енді 10 наурызда Асланбек 1/8 финалда кезекті жекпе-жегін өткізеді. Олимпиадаға жолдама алу үшін ол әлі екі кездесуін жеңуі керек.