дүйсенбі, 31 наурыз, 2025

Елімізде әйелдер қай салаларда көбірек жұмыс істейді?

/
shortandsweetla.com
Түрлі салаларда 4 370 715 әйел жұмыс істейді.

Мазмұны

    Республикада түрлі салаларда 4 370 715 әйел жұмыс істейді, бұл жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 48,3%, деп хабарлады turkystan.kz.

    Ұлттық статистика бюросының дерегінше, егер 3,4 млн әйел жалданып жұмыс істесе, 940 мың әйел – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

    «Салалар бөлінісінде әйелдердің басым бөлігі білім беру саласында жұмыс істейді – барлық жұмыспен қамтылған әйелдердің 20%, көтерме және бөлшек саудада – 19,6%, ауыл шаруашылығында – 9,7%, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында 9,6%, өнеркәсіпте жұмыс істейтін әйелдердің 7,8% еңбектенеді», – делінген хабарламада.

    Әйелдердің ең аз саны ақпарат және байланыс саласында тіркеліп отыр, барлық жұмыспен қамтылған қыз-келіншектердің 1,6%.

    Бөлісу: