Ақтөбе-Астрахань тас жолында 5 адам өртеніп кетті

Оқиға 6 наурыз күні сағат 08:36-да болған.

Ақтөбе-Астрахань тас жолында 5 адам өртеніп кетті
Жол апаты. Фото: inbusiness.kz
1123

Ақтөбе облысында Ақтөбе-Астрахань тас жолының 120 шақырымында екі автокөлік соқтығысқан, деп хабарлады turkystan.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Бүгін сағат 08:36-да Ақтөбе облысында Ақтөбе-Астрахань тас жолының 120 шақырымында екі автокөліктің соқтығысуы туралы шақыру түскен.

Сағат 08:41-де оқиға орнына "Қандыағаш" трассалық медициналық-құтқару пунктінің бригадасы шықты. Зардап шеккен 5 адам көлікте өртеніп кетті. Басқа көліктегі зардап шеккен 3 адамға шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, Қандыағаш қаласындағы ауруханаға жатқызылды, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары